Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Биоотын өндiрiсiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы
22-бап. Биоотын өндірісі және айналымы саласында камералдық бақылауды жүргізу тәртібі



Ст. 22 Биоотын өндiрiсiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2010 жылғы 15 қарашадағы № 351-IV




1. Бұзушылықтар анықталған (биоотын нарығына қатысушылар осы Заңның 20 және 21-баптарында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған не оларды зерделеу және талдау кезінде бұзушылықтар анықталған) жағдайларда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың биоотын айналымы саласындағы жергілікті атқарушы органы мұндай бұзушылық анықталған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде биоотын нарығына қатысушыға хабарламаны табыс етеді.

2. Почта бойынша хабарламасы бар тапсырыс хатпен не хабарларды кепілді жеткізуді қамтамасыз ететін электрондық байланыс арналары арқылы жіберілген электронды түрдегі хабарлама почта немесе өзге байланыс ұйымынан жауап алған күннен бастап не хабарламаны электронды түрде жіберген күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін тапсырылды деп есептеледі.

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау оны тапсырған (алған) күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылады.

Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi). 
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР


Статья 1 ...20 21 22 23 24 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Биоотын өндiрiсiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2010 жылғы 15 қарашадағы № 351-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 22-бап Биоотын өндiрiсiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2010 жылғы 15 қарашадағы № 351-IV