Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Биоотын өндiрiсiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы

Биоотын өндiрiсiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы
3-бап. Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу



Ст. 3 Биоотын өндiрiсiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2010 жылғы 15 қарашадағы № 351-IV



1. Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі, биоотын өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

Өзге мемлекеттік органдар биоотын өндірісінің және (немесе) айналымының осы Заңда көзделген жекелеген мәселелерін өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген өз құзыреті шегінде реттеуге құқылы.

2. Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері:

1) ластағыш заттардың атмосфераға шығарылу деңгейін азайту;

2) биоотын өндірісін және айналымын дамыту;

3) биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

3. Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу:

1) биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындауды;

2) биоотын өндірісі және айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды;

3) азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін пайдаланатын тамақ шикізатына квоталарды белгілеуді қамтиды.

Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 2 3 4 5 ...24 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 3-бап Биоотын өндiрiсiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2010 жылғы 15 қарашадағы № 351-IV