Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы
13-бап. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптар



Ст. 13 Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV



1. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс.

2. Мұнай өнімдері, сондай-ақ оларды өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату үдерістері мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық реттеу объектілері болып табылады.

3. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы кезінде пайдаланылатын жабдық пен техникалық құралдар Қазақстан Республикасының машиналар мен жабдықтар қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ техникалық регламенттерге сәйкес болуға тиіс.

4. Мұнай өнімдерін өңдеу, тасымалдау және бөлу жөніндегі объектілерді жобалау мен салу кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы, азаматтық қорғау туралы заңнамасының талаптары сақталуға және төтенше жағдайлардың туындау қаупі ескерілуге тиіс.

Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...11-1 12 13 14 15 ...26 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 13-бап Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV