Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы
5-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен міндеттері



Ст. 5 Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV



1. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеудің мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұтынушылардың сапалы және қоршаған орта мен халық денсаулығы үшін қауіпсіз мұнай өнімдеріне сұранысын қанағаттандыру болып табылады.

2. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеудің міндеттері:

1) адамның өмірі мен денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау;

2) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау, оның ішінде мұнай өнімдерін заңсыз өндіруді және олардың айналымын болғызбайтын жағдайлар жасау;

3) Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнай өнімдерінің сапасын арттыру;

4) мұнай өнімдерін өндірушілердің өңдеу қуаттарын жаңғыртуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау болып табылады.

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...26 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 5-бап Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV