Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы
4-2-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті



Ст. 4-2 Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 36



Мемлекеттік органдар:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады;

2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестерді құрады;

3) уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөніндегі ақпаратты ұсынады;

4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінде қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді жинайды, жинақтайды және уәкілетті органға береді.

 Ескерту. Заң 4-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.22 № 515-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...4 4-1 4-2 4-3 5 ...10 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 36 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 4-2-бап Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 36