Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы
6-1-бап. Гранттар



Ст. 6-1 Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 36



1. Гранттар бюджет қаражаты есебінен берілетін мемлекеттік және жеке және заңды тұлғалар, халықаралық, шетелдік ұйымдар ерікті негізде бюджеттен тыс көздерден беретін мемлекеттік емес болып табылады. 

2. Гранттар грант беруге арналған шартқа сәйкес үкіметтік емес ұйымдар, оператор әзірлеген әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыруға беріледі. 

3. Гранттар тарату процесіндегі, дәрменсіз (банкрот) деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған үкіметтік емес ұйымдарды қоспағанда, Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізілген үкіметтік емес ұйымдарға конкурстық іріктеу негізінде беріледі. 

4. Грантты алған үкіметтік емес ұйымдар алынған қаражаттың бір бөлігін, бірақ он пайыздан аспайтын бөлігін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге пайдалана алады. 

5. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында реттелетiн гранттар беру процесінде туындайтын қатынастарға осы бап қолданылмайды. 

Ескерту. Заң 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...5-1 6 6-1 6-2 6-3 ...10 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 36 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 6-1-бап Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 36