Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ерлер мен әйелдердiң тең құқықтарының және тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



Ст. 1 Ерлер мен әйелдердiң тең құқықтарының және тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi туралы 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 223-IV



Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) гендер – ерлер мен әйелдер арасындағы қатынастардың өмірдің барлық салаларында көрініс табатын әлеуметтік қыры;

2) гендерлік теңдік – қай жынысқа жататынына қарамастан, ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін және саяси, экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық және мәдени өмір салаларына қатысуға нақты қолжетімділігін қамтамасыз ететін құқықтық мәртебе;

3) жыныстық белгісі бойынша кемсітушілік – жыныстық белгісі бойынша адамның құқықтары мен бостандықтарын кез келген шектеу немесе оларға қысым жасау, сондай-ақ оның қадір-қасиетін түсіру;

4) тең құқықтар – ерлер мен әйелдер үшін азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа да құқықтарды жүзеге асырудың мемлекет кепілдік берген, Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында бекітілген тең құқығы;

5) тең мүмкіндіктер – құқық теңдігіне нақты қол жеткізу үшін қажетті құралдар мен жағдайлардың жүйесі;

6) ұрпақты болу денсаулығы – адамның толымды ұрпақты өмірге келтіру қабілетін көрсететін денсаулығы.

Статья 1 2 3 ...15 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ерлер мен әйелдердiң тең құқықтарының және тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi туралы 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 223-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 1-бап Ерлер мен әйелдердiң тең құқықтарының және тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi туралы 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 223-IV