Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ерлер мен әйелдердiң тең құқықтарының және тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi туралы
12-бап. Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет саласындағы гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің кепілдіктері



Ст. 12 Ерлер мен әйелдердiң тең құқықтарының және тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi туралы 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 223-IV



Мемлекет:

1) ерлер мен әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын сақтау, ерлер мен әйелдердің өлім-жітімін азайту және олардың орташа өмір сүру жасының ұзақтығы арасындағы айырмашылықты қысқарту бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын одан әрі жетілдіруге және шаралар қабылдауға;

2) ерлер мен әйелдердің қайта даярлау мен біліктілікті арттырудың барлық түрлеріне қол жеткізуі үшін теңдей жағдайларды қамтамасыз етуге;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оқуға қабылдау кезінде артықшылықтарға жол бермеуге;

4) жынысына қатысты қорлайтын сөздерді, теңеулерді, бейнелерді пайдалану арқылы жалпыға бірдей қабылданған ізгілік пен мораль нормаларын бұзатын мәтіндік, көріністік, дыбыстық ақпаратты қамтитын жарнамаға жол бермеуге;

5) ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету бойынша іске асырылып жатқан мемлекеттік саясатқа сәйкес гендерлік білім беруге кепілдік береді.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 15 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ерлер мен әйелдердiң тең құқықтарының және тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi туралы 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 223-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 12-бап Ерлер мен әйелдердiң тең құқықтарының және тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi туралы 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 223-IV