Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ерлер мен әйелдердiң тең құқықтарының және тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi туралы

Ерлер мен әйелдердiң тең құқықтарының және тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi туралы
4-бап. Жыныстық белгісі бойынша кемсітушілік



Ст. 4 Ерлер мен әйелдердiң тең құқықтарының және тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi туралы 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 223-IV



1. Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін шектеуге немесе оларға қысым жасауға бағытталған нормативтік құқықтық актілерге сотта Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен дау айтылуы мүмкін.

2. Мыналар:

1) ананы, баланы және әкені қорғауға;

2) әйелдерді жүктілігіне және босануына байланысты қорғауға;

3) ерлердің өмір сүру жасының ұзақтығын ұлғайтуға;

4) қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару заңнамасында әйелдерді қорғауға бағытталған шаралар жыныстық белгісі бойынша кемсітушілік шаралары деп саналмайды.

Еңбектің осы түріне тән талаптармен айқындалатын не әлеуметтік және құқықтық басымдықпен қорғалуға мұқтаж адамдар жөнінде мемлекеттің ерекше қамқорлығынан туындаған өзгешеліктер, ерекшеліктер, артықшылықтар мен шектеулер кемсітушілік болып табылмайды.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...15 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 4-бап Ерлер мен әйелдердiң тең құқықтарының және тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi туралы 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 223-IV