Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ерлер мен әйелдердiң тең құқықтарының және тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi туралы

Ерлер мен әйелдердiң тең құқықтарының және тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi туралы
8-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарының ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету саласындағы құзыреті



Ст. 8 Ерлер мен әйелдердiң тең құқықтарының және тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi туралы 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 223-IV



Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету саласында өз құзыреті шегінде:

1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

2) қоғамдық бірлестіктермен ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

3) ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

4) ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін сақтауға ықпал етеді;

5) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...15 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 8-бап Ерлер мен әйелдердiң тең құқықтарының және тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi туралы 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 223-IV