Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы
12-2-бап.



Ст. 12-2 Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2676 Заңы




"Барыс" орденімен наградтау:

- Қазақстан Республикасының мемлекеттігі мен егемендігін нығайту ісіндегі;

- бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етудегі;

- мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметтегі;

- халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы, ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен оларды өзара байытудағы, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды нығайтудағы айрықша еңбегі үшін жүргізіледі.

"Барыс" ордені үш дәрежеден тұрады:

- I дәрежелі "Барыс";

- II дәрежелі "Барыс";

- III дәрежелі "Барыс".

I дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Наградтау III дәреже, II дәреже, I дәреже ретімен жүргізіледі.

Ерекше жағдайларда айрықша көзге түскені үшін Мемлекет басшысының шешімімен наградтау реттілік ескерілмей жүргізілуі мүмкін.


Статья 1 ...12 12‑1 12‑2 13 14 ...45

Перейти к статье







Добавить комментарий к 12-2-бап Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2676 Заңы