Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы
13-бап.



Ст. 13 Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2676 Заңы




"Даңқ" орденімен Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және әскери құрамалардың жоғары офицерлік құрамдағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының қызметкерлері:

- әскерлерге басшылық жасау және оларды басқару ісіндегі табыстары, әскерлердің жоғары жауынгерлік даярлығы және елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз еткені үшін;

- әскери, шекаралық және ішкі қызметті үздік ұйымдастырғаны, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз еткені, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті сақтауды нығайтқаны үшін наградталады.

"Даңқ" ордені екі дәрежеден тұрады:

- I дәрежелі "Даңқ";

- II дәрежелі "Даңқ".

I дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Наградтау II дәреже және I дәреже ретімен жүргізіледі.


Статья 1 ...12‑1 12‑2 13 14 15 ...45

Перейти к статье







Добавить комментарий к 13-бап Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2676 Заңы