Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы
14-бап.



Ст. 14 Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2676 Заңы




"Айбын" орденімен Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және әскери құрамалардың әскери қызметшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының қызметкерлері:

- жауынгерлік әзірлікте, әскерлерді жоғары жауынгерлік даярлықта ұстауда және жаңа әскери техниканы игеруде, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізген табыстары үшін;

- әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін наградталады.

"Айбын" ордені үш дәрежеден тұрады:

- I дәрежелі "Айбын";

- II дәрежелі "Айбын";

- III дәрежелі "Айбын".

I және II дәрежелі "Айбын" ордендерімен офицерлердің кіші және аға құрамдарындағы адамдар наградталады.

I дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Наградтау: II дәреже және I дәреже ретімен жүргізіледі.

III дәрежелі "Айбын" орденімен сарбаздар, матростар, сержанттар, старшиналар наградталады.


Статья 1 ...12‑2 13 14 15 16 ...45

Перейти к статье







Добавить комментарий к 14-бап Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2676 Заңы