Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы

Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы
4-бап. Жәрдемақылар алу құқығы



Ст. 4 Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы 2005 жылғы 28 маусымдағы N 63



1. Туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасылардың:

1) бала туғанда берілетін жәрдемақы;

 РҚАО-ның ескертпесі!

2) тармақша 2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі.

2) мынадай жағдайларда:

бала күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмайтын;

2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын жағдайларда бала күтімі жөніндегі жәрдемақы;

 РҚАО-ның ескертпесі!

3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

3) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда, балаларға арналған жәрдемақы;

4) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алуға құқығы бар.

 РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

2. Балаларға арналған жәрдемақы алу құқығы тоқсан сайын табысы туралы анықтаманы ұсыну арқылы расталып отырады.

Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.12.19 № 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.02 № 211-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...13 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 4-бап Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы 2005 жылғы 28 маусымдағы N 63