Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 20 Мемлекеттiк құпиялар туралы 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Мемлекеттiк құпиялар туралы
20-бап. Мәліметтер мен олардың көздерін құпияландырудың тәртібі мен мерзімдері

1. Мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың қызметтерінің басқару, өндірістік, ғылыми және өзге де түрлерінің нәтижесінде алынған (әзірленген) мәліметтерді құпияландыру үшін олардың мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қолданылып жүрген құпияландырылуға тиісті мәліметтер тізбесіне сәйкес келуі негіз болып табылады. Бұл мәліметтерді құпияландыру кезінде олардың көздеріне құпиялылықтың тиісті белгісі беріледі.

2. Алынған (әзірленген) мәліметтерді қолданылып жүрген тізбелердегі мәліметтермен бірдей ету мүмкін болмаған жағдайда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдары, азаматтар алынған (әзірленген) мәліметтерді құпиялылықтың жорамалды дәрежесіне сәйкес алдын ала құпияландыруды қамтамасыз етуге және бір ай мерзімде тиісті тізбені бекіткен лауазымды адамның мекен-жайына оны толықтыру (өзгерту) жөнінде ұсыныс жіберуге міндетті.

Тізбені бекіткен лауазымды адамдар келіп түскен ұсыныстарға үш айдың ішінде сараптамалық баға беруді ұйымдастыруға және қолданылып жүрген тізбені толықтыру (өзгерту) немесе мәліметтерге алдын ала берілген құпиялылық белгісін алып тастау жөнінде шешім қабылдауға міндетті. Мәліметтер мен олардың көздерін құпияландыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

3. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді құпияландыру мерзімі отыз жылдан аспауға тиіс. Айрықша жағдайларда бұл мерзім мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы бойынша ұзартылады.

Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...38

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться