Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттiк құпиялар туралы
21-бап. Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтер көздерінің деректемелері



Ст. 21 Мемлекеттiк құпиялар туралы 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I



1. Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің көздеріне:

белгілі бір мемлекеттік органда немесе ұйымда қолданылып жүрген, құпияландырылуға жататын мәліметтер тізбесінің тиісті тармағына сілтеме жасай отырып, көзде қамтылған мәліметтердің құпиялылық дәрежесі туралы;

көзді құпияландыруды жүзеге асырған мемлекеттік орган немесе ұйым туралы;

тіркеу нөмірі туралы;

мәліметтерді құпиясыздандырудың күні немесе шарттары туралы не мәліметтер қандай оқиға болғаннан кейін құпиясыздандырылатыны туралы деректерді қамтитын деректемелер енгізіледі.

Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтер көздеріне мұндай деректемелерді енгізу мүмкін болмаған жағдайда, бұл деректер осы көздерге ілеспе құжаттарда көрсетіледі.

2. Егер көз құпиялылықтың әртүрлі дәрежесі бар құрамдас бөліктерді қамтитын болса, бұл құрамдас бөліктердің әрқайсысына тиісті құпиялылық белгісі беріледі, ал тұтас алғанда көзге аталған көз үшін мәліметтердің құпиялылығының жоғары дәрежесі бар оның құрамдас бөлігіне берілетін құпиялылық белгісіне сәйкес құпиялылық белгісі беріледі.

3. Көзге және (немесе) ілеспе құжаттамаға осы бапта келтірілген деректемелерден басқа лауазымды адамдардың осы көзде қамтылған мәліметтермен танысу жөніндегі өкілеттігін айқындайтын қосымша белгілер қойылуы мүмкін. 

5-тарау. Мәліметтер мен олардың көздерін құпиясыздандыру


 РҚАО-ның ескертпесі!

22-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 28.12.2016 № 36-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...38 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттiк құпиялар туралы 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 21-бап Мемлекеттiк құпиялар туралы 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I