Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттiк құпиялар туралы
24-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мәліметтерді құпиясыздандыру туралы сауалдарын орындау



Ст. 24 Мемлекеттiк құпиялар туралы 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I



1. Азаматтар, мемлекеттік органдар мен ұйымдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылған мәліметтерді құпиясыздандыру туралы сауал салуға құқылы. 

2. Мұндай сауал алған мемлекеттік органдар мен ұйымдар, оның ішінде мемлекеттік мұрағаттар да оны бір айға дейінгі мерзімде қарап, салынған сауалдың мәні бойынша дәлелді жауап қайтаруға міндетті. Егер олардың сауал салынған мәліметтерді құпиясыздандыру туралы мәселені шешуге құқығы болмаса, сауал осындай өкілеттік берілген мемлекеттік органға не мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға беріледі, ол туралы сауал салған азаматтарға, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хабарланады. 

3. Азаматтардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың салған сауалдарын орындау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.  

6-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары
болып табылатын мәліметтерге билік ету


Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...38 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 24-бап Мемлекеттiк құпиялар туралы 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I