Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттiк құпиялар туралы
25-бап. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді беруі



Ст. 25 Мемлекеттiк құпиялар туралы 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I




1. Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтер беруді осы Заңның 15-бабына сәйкес осы мәліметтерге билік ететін мемлекеттік органның рұқсатымен, бағыныстылық қатынаста тұрмайтын және бірлескен жұмыстар атқармайтын мемлекеттік органдар мен ұйымдар жүзеге асырады. 

2. Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерге сауал салушы мемлекеттік органдар мен ұйымдар бұл мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ететін жағдай жасауға міндетті. Олардың басшылары мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтермен танысу жөнінде белгіленген тәртіптің сақталуы үшін дербес жауап береді.  

Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға беруге арналған міндетті шарт олардың осы Заңның талаптарын орындауы болып табылады. 

3. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.


Статья 1 ...23 24 25 26 27 ...38 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттiк құпиялар туралы 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 25-бап Мемлекеттiк құпиялар туралы 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I