Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттiк құпиялар туралы
30-бап. Қазақстан Республикасының лауазымды адамына немесе азаматына мемлекеттік құпияларға рұқсат етуден бас тарту үшін негіздер



Ст. 30 Мемлекеттiк құпиялар туралы 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I



1. Қазақстан Республикасының лауазымды адамына немесе азаматына мемлекеттік құпияларға рұқсат етуден бас тартуға:

оны соттың әрекетке қабілетсіз, әрекетке қабілеті шектеулі деп тануы, онда заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығының болуы;

денсаулық сақтау саласындағы өкілеттікті жүзеге асырушы мемлекеттік орган бекіткен тізбеге сәйкес онда мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді пайдалану арқылы жұмыстар жүргізу үшін медициналық тұрғыдан қарсы дәлелдемелердің болуы;

оның өзінің шетелде тұрақты тұруы және оның басқа мемлекетте тұрақты тұруға кету үшін құжаттарды ресімдеуі;

тексеру шараларының нәтижесінде ресімделуші адамның Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін іс-әрекеттерінің анықталуы;

оның тексеру шараларынан жалтаруы және (немесе) оның өзі және жақын туыстары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлауы негіз болып табылады.

2. Лауазымды адамға немесе азаматқа мемлекеттік құпияларға рұқсат етуден бас тарту туралы шешімді жеке тәртіппен тексеру шараларының нәтижелерін ескере отырып, мемлекеттік органның немесе ұйымның басшысы қабылдайды.

3. Лауазымды адамның немесе азаматтың бұл шешімге жоғары тұрған ұйымға немесе сотқа шағымдануына құқығы бар.

 Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...28 29 30 31 32 ...38 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттiк құпиялар туралы 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 30-бап Мемлекеттiк құпиялар туралы 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I