Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттiк құпиялар туралы
32-бап. Рұқсат етуді ресімдеу кезеңінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларға рұқсат етілген немесе бұрын рұқсат етілген лауазымды адамның немесе азаматының құқықтарын шектеу



Ст. 32 Мемлекеттiк құпиялар туралы 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I



Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларға рұқсат етілген немесе бұрын рұқсат етілген лауазымды адамы немесе азаматы өзінің құқықтары жөнінен уақытша шектелуі мүмкін. 

Шектеу: 

мемлекеттік құпияларға рұқсат етуді ресімдеу кезінде еңбек  

шартында көзделген мерзімге республикадан тыс жерлерге шығу құқығына; 

мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтері бар жаңалықтар мен өнертабыстарын пайдалану және мұндай мәліметтерді тарату құқығына; 

мемлекеттік құпияларға рұқсат етуді ресімдеу кезеңінде тексеру шаралары жүргізілген кезде жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқығына қатысты болуы мүмкін. 

Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.15 № 253 Заңымен.

Статья 1 ...30 31 32 33 34 ...38 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттiк құпиялар туралы 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 32-бап Мемлекеттiк құпиялар туралы 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I