Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттiк құпиялар туралы
33-бап. Қазақстан Республикасының лауазымды адамына немесе азаматына мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерге рұқсат ету



Ст. 33 Мемлекеттiк құпиялар туралы 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I



1. Қазақстан Республикасының лауазымды адамына немесе азаматына мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерге рұқсат етуді ұйымдастыру мемлекеттік органның немесе ұйымның басшысына, сондай-ақ олардың мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құрылымдық бөлімшелеріне жүктеледі. Лауазымды адамға немесе азаматқа мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерге рұқсат ету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

2. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары лауазымды адам немесе азамат мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтермен өздерінің лауазымдық (қызметтік) міндеттерін орындауы үшін қажет болатын және сондай көлемде ғана танысатын жағдай жасау үшін дербес жауапты болады.

3. Еңбек шарты бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының лауазымды адамына немесе азаматына мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерге рұқсат ету тоқтатылады.

Ескерту. 33-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.15 № 253 Заңымен.

Статья 1 ...31 32 33 34 35 ...38 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттiк құпиялар туралы 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 33-бап Мемлекеттiк құпиялар туралы 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I