Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 36 Мемлекеттiк құпиялар туралы 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 14.06.2018

Мемлекеттiк құпиялар туралы
36-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру

1. Мемлекеттік мекемелердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен, ал қалған ұйымдарда – мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстарды орындау кезінде олардың негізгі қызметінен алынатын қаражаттың есебінен жүзеге асырылады. 

2. Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі шараларды жүргізуге бөлінетін қаржы қаражатының жұмсалуына бақылау жасауды мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, жұмыстардың тапсырысшылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің арнайы уәкілдік берілген өкілдері жүзеге асырады. Егер бұл бақылауды жүзеге асыру мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерге рұқсат етілуге байланысты болса, аталған адамдардың тиісті құпиялылық дәрежесіндегі мәліметтерге рұқсаты болуға тиіс. 

Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...34 35 36 37 38

Перейти к статье






Добавить комментарий к 36-бап Мемлекеттiк құпиялар туралы 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I