Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 7 Мемлекеттiк құпиялар туралы 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Мемлекеттiк құпиялар туралы
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдарының орындалуын қамтамасыз етеді;

2) алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

4) құпияландырылуға тиісті мәліметтердің ведомостволық тізбелерін әзірлеу тәртібін белгілейді;

5) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

6) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмыстарды материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;

7) мемлекеттік органдар мен ұйымдарды Қазақстан Республикасының айрықша режимді, режимді және ерекше қорғалатын объектілері санатына жатқызу тәртібін бекітеді, сондай-ақ шетелдіктердің болуы үшін уақытша жабық аумақтардың тізбесін бекітеді;

8) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшелерді ұйымдастыру, олардың жұмыс істеу және таратылу тәртібін белгілейді;

9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді бірлесіп пайдалану мен қорғау туралы үкіметаралық келісімдерін жасайды, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етеді, шет мемлекеттерге мемлекеттік құпиялар мен олардың көздерін беру туралы шешім қабылдайды және оларды беру тәртібін белгілейді;

10) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның, сондай-ақ мәліметтердің құпияландырылуы салдарынан олардың көздері иесіне келтірілген зиянның мөлшерін айқындау тәртібін белгілейді;

11) Қазақстан Республикасының азаматтарына оларға мемлекеттік құпияларға рұқсат етуге байланысты арнаулы тексеру жүргізу тәртібін бекітеді;

12) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...38

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться