Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттiк құпиялар туралы
9-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен оның органдарының құзыреті



Ст. 9 Мемлекеттiк құпиялар туралы 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I



Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен оның органдары:

1) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді қарсы барлаудан қорғау жөніндегі шараларды әзірлеп, жүзеге асырады, сондай-ақ олардың аталған саладағы қызметін бақылап отырады;

1-1) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді және бақылайды;

1-2) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі нормативтік және әдістемелік актілерді әзірлеу мен орындау мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғау органдарының қызметін үйлестіреді және бақылайды;

1-3) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесінің Қазақстан Республикасының аумағында орындалуын бақылайды;

2) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерге рұқсат етуге ресімделетін (қайта ресімделетін) Қазақстан Республикасының азаматтарына арнайы тексеру жүргізеді;

 3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады;

4) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді қорғаудың техникалық, оның ішінде криптографиялық құралдарын сертификаттауды ұйымдастырады;

5) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді пайдаланып жұмыс жүргізуге белгіленген тәртіппен рұқсат береді;

5-1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды құру, сатып алу, жинақтау, қалыптастыру, тіркеу, сақтау, өңдеу, жою, пайдалану, беру, қорғау тәртібін айқындайды;

5-2) мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді құру, пайдалану, қолдап отыру, дамыту, интеграциялау, пайдалануды тоқтату және қорғау тәртібін айқындайды;

5-3) мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттарды және өзге де деректерді мемлекеттік құпияға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздеу, тарату, пайдалану, қорғау, тіркеу және жою тәртібін айқындайды;

5-4) арнайы куәландырушы орталықты құру, аккредиттеу және оның қызметін тоқтату тәртібін айқындайды;

6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдарын бұзуға байланысты қылмыстарды анықтайды, оларды тыяды, ашады және тергеу жүргізеді;

7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...38 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттiк құпиялар туралы 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 9-бап Мемлекеттiк құпиялар туралы 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I