Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері



Ст. 1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы 2007 жылғы 4 маусымдағы N 258 Конституциялық



Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде "Қазақстан" деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ "Қазақстан" деген жазу - алтын түстес.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні - осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда орындалатын музыкалық-поэтикалық туынды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондары Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақталады.

Статья 1 2 3 ...16 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы 2007 жылғы 4 маусымдағы N 258 Конституциялық 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 1-бап Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы 2007 жылғы 4 маусымдағы N 258 Конституциялық