Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Азаматтық қорғаныс туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



Ст. 1 Азаматтық қорғаныс туралы



Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: Азаматтық қорғаныс - басқару органдарының мемлекеттiк жүйесi мен бейбiт уақытта және соғыс уақытында халықты, шаруашылық жүргiзу объектiлерi мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларының әсерiнен, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргiзiлетiн жалпы мемлекеттiк шаралардың жиынтығы; Азаматтық қорғаныс бөлiмдерi - Қазақстан Республикасының Үкiметi құратын Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi; Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен құрылатын, әкiмдер, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар құратын республикалық, облыстық, аудандық, қалалық Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерi; Азаматтық қорғаныс күштерi - Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерi, аумақтық, объектiлiк құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерiнiң құрамалары, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң жедел-құтқару отрядтары; Азаматтық қорғаныс құрамалары - облыстарда, қалаларда, аудандарда, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда, ұйымдарда құрылатын аумақтық және объектiлiк құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерiнiң құрамалары; Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган; Азаматтық қорғаныстың басқару органдары - бейбiт уақытта және соғыс уақытында Азаматтық қорғаныс iс-шараларына басшылық жасайтын және олардың орындалуын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, ұйымдар; "Баршаңыздың назарыңызға!" дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамалармен және басқа да дабыл беру құралдарымен берiлетiн бiрыңғай дабылы. Осы дабыл бойынша халық теледидарларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын iске қосып қоюға, берiлiп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, iс-әрекет тәртiбi мен жүрiс-тұрыс ережелерi жөнiндегi талаптарды орындауға мiндеттi; жедел-құтқару отрядтары - жол қатынасы қиын аудандарда және аса күрделi объектiлерде iздеу-құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған республикалық, облыстық, қалалық, аудандық ұйымдар; қорғану құрылыстарының қоры - өндiрiстiк персонал мен халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде арнайы қорғауға арналған қолда бар барлық инженерлiк құрылыстардың жиынтығы; шаруашылық жүргiзу объектiлерi - өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң және қоғам қызметiнiң басқа да салаларының мүдделерi үшiн пайдаланылатын үйлер, ғимараттар және басқа да құрылыстар; эвакуациялық органдар - халықты, материалдық құндылықтарды қауiпсiз аймаққа эвакуациялау, оларды орналастыруды, өндiрiстiк қызметтi және тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етудi ұйымдастыру үшiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар құратын эвакуациялық және эвакуациялық-қабылдау комиссиялары.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 2 3 ...32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Азаматтық қорғаныс туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 1-бап Азаматтық қорғаныс туралы