Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Азаматтық қорғаныс туралы

Азаматтық қорғаныс туралы
17-1-бап. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау



Ст. 17-1 Азаматтық қорғаныс туралы



1. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

3. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:

Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы;

Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары;

Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары;

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторларының орынбасарлары;

облыстардың, қалалар мен аудандардың Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жатады.

Ескерту. 17-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 5-тарау. Азаматтық қорғаныс саласындағы Қазақстан

Республикасының орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы

органдарының, ұйымдарының құзыретi, азаматтарының құқықтары

мен мiндеттерi  

Статья 1 ...16 17 17-1 18 19 ...32 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 17-1-бап Азаматтық қорғаныс туралы