Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Азаматтық қорғаныс туралы

Азаматтық қорғаныс туралы
17-бап. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерi



Ст. 17 Азаматтық қорғаныс туралы



1. Азаматтық қорғаныстың арнаулы шараларын орындауды қамтамасыз ету және күштер мен құралдарды осы мақсаттарда дайындау үшiн республикалық, облыстық, аудандық, қалалық Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерi, сондай-ақ қажет болған жағдайда ұйымдардың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерi құрылады, олар тiкелей Азаматтық қорғаныс бастығына бағынады. 2. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен, облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерiнiң, ұйымдар басшыларының шешiмдерiмен құрылады. 3. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар жөнiндегi республикалық қызметтер тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi, олар туралы Ереженi уәкiлеттi орган бекiтедi. 4. Басқару пункттерiнiң, күштер мен құралдардың, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерiнiң дайындығы үшiн жауапкершiлiк олардың құрылуына негiз болған орталық, жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдардың басшыларына жүктеледi. 5. Азаматтық қорғаныстың эвакуациялық шараларын орындауды ұйымдастыру мақсатында орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдарда эвакуация, эвакуациялық-қабылдау комиссиялары құрылады.

Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

Статья 1 ...15 16 17 17-1 18 ...32 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 17-бап Азаматтық қорғаныс туралы