Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Азаматтық қорғаныс туралы

Азаматтық қорғаныс туралы
20-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң  Азаматтық қорғаныс саласындағы құзыретi



Ст. 20 Азаматтық қорғаныс туралы



Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi: Уәкiлеттi органды, ал жергiлiктi әскери басқару органдары арқылы уәкiлеттi органның аумақтық органдарын тиiстi әзiрлiк деңгейiне келтiру туралы, сондай-ақ мобилизация жариялау туралы құлақтандырады;

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары негiзiнде азаматтарды Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс жүйесiне мiндеттi әскери қызметке шақыруды, әскери қызметшiлердi запасқа шығаруды, тiзiмдегi құрамды оқу жиындарына шақыруды, сондай-ақ мобилизация бойынша азаматтарды шақыруды жүргiзедi;

Уәкiлеттi органды, оның аумақтық органдарын, Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды әскерге шақырылатын құраммен және мобилизациялық ресурстармен жасақтауды, офицерлердi запастан әскери қызметке шақыруды (қабылдауды) жүзеге асырады;

халық пен аумақтарды осы заманғы зақымдау құралдарын қолданудың зардаптарынан қорғау жөнiндегi, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен олардың зардаптарын жою жөнiндегi мiндеттердi шешу кезiнде уәкiлеттi органмен өзара iс-қимыл жасайды;

осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2000.05.05 № 48, 2006.07.07 № 183, 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...32 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 20-бап Азаматтық қорғаныс туралы