Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Азаматтық қорғаныс туралы
25-бап. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiнiң негiзгi қорлары



Ст. 25 Азаматтық қорғаныс туралы



1. Әскери қалашықтардың тұрғын үй-жайлары мен басқа құрылыстары, Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiнiң оқу объектiлерi, материалдық-оқу базасы, материалдық және техникалық құралдары мемлекеттiк меншiк болып табылады және олар Азаматтық қорғаныс бөлiмдерiнiң негiзгi қорларын құрайды. Азаматтық қорғаныс бөлiмдерi аталған және өзiне бөлiнген өзге де мүлiкке қатысты жедел басқару құқығын пайдаланады. 2. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiнiң орналасуына және тұрақты жұмыс iстеуiне арналған жер мен үй-жайлар, қоймалар мен басқа да объектiлер оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тұрақты немесе уақытша пайдалануға берiледi. 3. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi жер пайдалануды, әуе кеңiстiгi мен су айдынын пайдалануды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

Статья 1 ...23 24 25 26 27 ...32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Азаматтық қорғаныс туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 25-бап Азаматтық қорғаныс туралы