Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Азаматтық қорғаныс туралы
32-бап. Азаматтық қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастық



Ст. 32 Азаматтық қорғаныс туралы



1. Азаматтық қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастық:

азаматтық қорғаныс жөнiндегi халықаралық жобаларға қатысуды, осы салада ғылыми-техникалық жетiстiктердiң еркiн алмасылуын жүзеге асыруды;

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға Азаматтық қорғаныс күштерiн тартуды көздейдi, оларды тарту халықаралық шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңда белгiленгеннен өзгеше нормалар көзделсе, халықаралық шарттардың нормалары қолданылады. Қазақстан Республикасының

Президентi

Статья 1 ...30 31 32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Азаматтық қорғаныс туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 32-бап Азаматтық қорғаныс туралы