Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Азаматтық қорғаныс туралы
7-бап. Теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерi өзгеруiнiң зардаптарынан қорғау жөнiндегi Азаматтық қорғаныс шаралары



Ст. 7 Азаматтық қорғаныс туралы



1. Теңiздер мен iрi су айдындарының тасқындарынан, су деңгейлерiнiң көтерiлуiнен және таяздауынан қорғау жөнiндегi шаралар халықтың, шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң, инфрақұрылымның қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған және оларға: теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерiнiң өзгеруiнен болуы ықтимал зардаптарды ғылыми зерттеу және болжау; гидротехникалық және өзге де тосқауыл құрылыстарын жобалау, салу және пайдалануға беру; аумақтарда құрылыс салуды теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерiнiң өзгеруiн ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн ескере отырып жоспарлау; теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерi өзгеруiнiң, қоршаған орта жай-күйiнiң мониторингi жүйелерiн, жағалау аймағындағы су жайылу құбылыстары жайында халықты және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi құлақтандыруды ұйымдастыру кiредi. 2. Орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, ұйымдар өз құзыретi шегiнде теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерiнiң өзгеруiнен халықты, аумақтарды қорғау, мұның экономикалық залалын азайту мақсатында: теңiздер мен iрi су айдындары беткi деңгейiнiң құбылуына болжам жасаудың ғылыми негiздерi мен әдiстерiн дамытуды қамтамасыз етуге; су тасқындары болуы мүмкiн аудандарда гидротехникалық және өзге де тосқауыл құрылыстар салуды ұйымдастыру мен олардың сапасын бақылауға; су тасқындары болуы, су басып қалуы және су астында қалып қоюы мүмкiн аймақтарда жер учаскелерiнiң тиiстi нормативтiк актiлер ескерiлместен шаруашылық қажеттерiне арналған объектiлер салу үшiн бөлiнуiне жол бермеуге; жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларында Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген экологиялық талаптардың басымдық берiлетiн тәртiппен сақталуын қамтамасыз етуге; теңiздер мен iрi су айдындарының жағалау аймақтарында жердiң, топырақ пен өсiмдiк қабатының және жерасты суларының тұрақты мониторингiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Азаматтық қорғаныс туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 7-бап Азаматтық қорғаныс туралы