Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Азаматтық қорғаныс туралы
8-бап. Пайдалы қазбалар кен орындарын игеруге байланысты төтенше жағдайлардан қорғау жөнiндегi Азаматтық қорғаныс шаралары



Ст. 8 Азаматтық қорғаныс туралы



Қатты, сұйық және газ тектес пайдалы қазбалардың кен орындарын игеруге байланысты төтенше жағдайлардан аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде iске асыратын шараларға: пайдалы қазбалар өндiрудiң халыққа және қоршаған ортаға жасауы ықтимал зардаптарының қаупiн ғылыми зерттеу, болжау және бағалау; пайдалы қазбалар өндiрудi дамыту болашағын және оның геологиялық құрылымдардың орнықтылығына жасайтын әсерiн ескере отырып, аумақтарға құрылыс салуды жоспарлау, үйлер мен ғимараттар салу және пайдалану; игерiлiп жатқан кен орындары аудандарындағы бұрыннан бар үйлер мен ғимараттардың сенiмдiлiгi мен орнықтылығын арттыру; қоршаған ортаның жай-күйi мен игерiлiп жатқан кен орындарының технологиялық жағдайлары мониторингiнiң жүйелерiн ұйымдастыру және халық пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге болуы ықтимал төтенше жағдайларды хабарлау; кенiштердi игеруге байланысты төтенше жағдайлардан болуы ықтимал залалды азайту жөнiндегi алдын алу шараларын ұйымдастыру және жүргiзу, ал оларды жүргiзу мүмкiн болмаған жағдайда кен өндiрудi тоқтату және қорғаныш шараларының қажеттi кешенiн орындап, кенiштердi консервациялау кiредi.

Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Азаматтық қорғаныс туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 8-бап Азаматтық қорғаныс туралы