Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 1 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Азаматтық қорғау туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

1) авария – ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) техникалық құрылғылардың қирауы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауiптi заттардың шығарындысы; 

2) авариялық-құтқару жұмыстары – адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды іздеу және құтқару, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдай аймағында және әскери іс-қимылдар жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау, оларға тән қауіпті факторлардың әсерін оқшаулау және басу немесе ең төменгі мүмкін болатын деңгейге дейін жеткізу жөніндегі іс-қимылдар; 

3) авариялық-құтқару құралымы – авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған дербес немесе аттестатталған авариялық-құтқару қызметінің құрамына кіретін азаматтық қорғау күштерінің ұйымдық-құрылымдық бірлігі; 

4) авариялық-құтқару қызметі – бірыңғай жүйеге функционалдық біріктірілген, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі міндеттерді шешуге арналған, азаматтық қорғаудың ұйымдық-біріктірілген басқару органдарының, авариялық-құтқару құралымдары мен құралдарының жиынтығы; 

5) адамдар жаппай болатын объект – бір мезгілде жүз және одан көп адамның болуына есептелген сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық, мәдени-ағарту және ойын-сауық ұйымдарының, көңіл көтеру орындарының, барлық көлік түрлері вокзалдарының, ғибадат үйлерінің (құрылыстарының) ғимараты, құрылысы, үй-жайы, сондай-ақ бір мезгілде жиырма бес және одан көп адамның болуына есептелген денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, қонақ үйлердің ғимараты, құрылысы; 

6) азаматтық қорғаныс – Қазақстан Республикасының халқы мен аумағын қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөнінде бейбіт уақытта және соғыс уақытында жүргізілетін жалпымемлекеттік іс-шаралар кешенін іске асыруға арналған азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі; 

7) азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері – бейбіт уақытта және соғыс уақытында азаматтық қорғау іс-шараларын орындайтын, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның әскери бөлімдері; 

8) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары қоры – азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде қорғау үшін арнайы жабдықталған және соған арналған инженерлік құрылыстар жиынтығы; 

9) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысы – халықты қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерінен қорғау үшін арнайы жабдықталған және соған арналған инженерлік құрылыс; 

10) азаматтық қорғау – өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі іс-шараларды қамтитын, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға, азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға және жүргізуге, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге бағытталған, бейбіт уақытта және соғыс уақытында жүргізілетін жалпымемлекеттік іс-шаралар кешені; 

11) азаматтық қорғаудың арнайы іс-шаралары – азаматтық қорғау қызметтерінің Қазақстан Республикасының халқын, объектілері мен аумағын төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар кезінде немесе осы қақтығыстар салдарынан туындайтын қауіптерден қорғауға бағытталған, жұмыстарды инженерлік, радиациялық, химиялық, медициналық, өртке қарсы, көліктік, материалдық-техникалық, гидрометеорологиялық және өзге де қамтамасыз ету бойынша күні бұрын немесе жедел іс-қимыл жасауы; 

12) азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі – халыққа және мемлекеттік органдарға адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қатер туралы, қалыптасқан жағдайда әрекет ету тәртібі туралы хабар беруді қамтамасыз ететін бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығы; 

13) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі – Қазақстан Республикасының халқын, объектілері мен аумағын төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар кезінде немесе осы қақтығыстар салдарынан туындайтын қауіптерден қорғау жөніндегі жалпымемлекеттік іс-шаралар кешенін іске асыруға арналған, азаматтық қорғаудың басқару органдарының, күштері мен құралдарының жиынтығы; 

14) азаматтық қорғау күштері – азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелері, азаматтық қорғау құралымдары, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның авиациясы, жағдайды байқау, бақылау және болжау қызметтері; 

15) азаматтық қорғау құралдары – халықты қорғау және азаматтық қорғау күштерін жарақтандыру үшін қолданылатын материалдық-техникалық мүлік; 

16) азаматтық қорғау қызметі – азаматтық қорғаудың арнайы іс-шараларын орындауға арналған азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің республикалық, облыстық, қалалық, аудандық жүйелері; 

17) азаматтық қорғау органдары – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган, оның ведомствосы, аумақтық бөлімшелері және оның ведомствосына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер; 

18) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау – өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған, азаматтық қорғау саласындағы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың қызметі; 

19) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін және Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлігінде азаматтық қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 

19-1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде азаматтық қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды және Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы органның ведомствосы; 

19-2) аккредиттеу – сараптама ұйымының өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындау құқықтылығын ведомствоның ресми тануы; 

19-3) аккредиттеу аттестаты – ведомство беретін, сараптама ұйымының өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындау құқығын куәландыратын құжат; 

20) "Баршаның назарына!" құлақтандыру сигналы – төтенше жағдайлар туындау қатері төнген немесе туындаған кезде халықтың назарын аудару үшін дабылдамалар немесе басқа да сигнал беру құралдары арқылы берілетін құлақтандырудың бірыңғай сигналы; 

21) басқару пункттері – азаматтық қорғаудың басқару органдарын орналастыруға және олардың жұмысын қамтамасыз етуге арналған, техникалық құралдармен, тіршілікті қамтамасыз ету элементтерімен арнайы жабдықталған және жарақталған, мемлекеттік органдардың құрылыстары немесе көлік құралдары; 

22) броньнан шығару – номенклатура өзгерген кезде, сондай-ақ кәдеге жарату немесе жою, төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды қолдану, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару; 

22-1) бұрқаққа қарсы жұмыстар – мұнай және газ өндіру объектілерінде арнайы техника, аппаратура мен жабдық қолданыла отырып жүргізілетін, аварияларды жоюға, адамдарды, материалдық құндылықтарды құтқаруға және бекітпе жабдығының болмауы, қирауы немесе герметикаланбауы немесе грифон түзілу салдарынан ұңғыманың (газ және мұнай бұрқақтарының) сағасы арқылы қабаттық флюидтердің басқаруға келмейтін шығуының қауіпті факторларының әсерін азайтуға бағытталған іс-қимылдар; 

23) бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметі – төтенше жағдайдың туындау алғышарттары немесе туындауы, өрт, адамдардың өміріне төнген қатер мен денсаулығына зиян келтіру қатері туралы және өз құзыреті шегінде шұғыл қызметтердің ден қою жөніндегі іс-қимылдарын кейіннен үйлестіре отырып шұғыл көмек шараларын қолдануды қажет ететін өзге де жағдайлар туралы жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін хабарламаларды қабылдау және өңдеу қызметі; 

23-1) газдан құтқару жұмыстары – қоршаған ортада шекті жол берілетін шоғырланудан асатын қауіпті заттар болған жағдайда арнайы техника, аппаратура мен жабдық, оқшаулағыш жеке қорғану құралдары қолданыла отырып орындау қажеттілігімен сипатталатын және газ жайылған ортада адамдарды іздестірумен, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетумен және оларды тасымалдаумен, аварияның орны мен себептерін, оның таралу шекараларын нақтылау мақсатында авария ошағына барлау жүргізумен байланысты қауіпті өндірістік объектілердегі аварияларды жою жөніндегі іс-қимылдар және қауіпті өндірістік факторларды жою үшін қажетті өзге де іс-қимылдар; 

24) ерікті өрт сөндіруші – ерікті өрт сөндірушілер тізілімінде тіркелген, өрттердің алдын алу және (немесе) оларды сөндіру жөніндегі қызметке ерікті негізде тікелей қатысатын азамат; 

25) жұмылдыру резервi – мемлекеттiк материалдық резервтiң құрамдас бөлiгi болып табылатын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындау, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды қолдану, бейбіт уақытта гуманитарлық көмек көрсету үшiн қажеттi шектеулi номенклатура бойынша материалдық құндылықтар запасы, сондай-ақ арнайы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары; 

26) зардап шегуші – табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зиян (нұқсан) келтірілген жеке тұлға; 

27) зиян (нұқсан) келтіруші – әрекетінің (әрекетсіздігінің) салдарынан техногендік сипаттағы төтенше жағдай болған жеке немесе заңды тұлға; 

28) кәсіби авариялық-құтқару қызметі – құтқарушылары штат негізінде жұмыс істейтін және біліктілік талаптарына сай келетін құралымнан немесе құралымдардан тұратын авариялық-құтқару қызметі; 

29) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

30) қазіргі заманғы зақымдаушы құралдар – зақымдаушы (қирату) факторлары адамдарды, жануарлар мен өсімдіктерді зақымдауға, объектілерді бүлдіруге немесе қиратуға, қайталама зақымдау факторларының пайда болуына есептелген, жаппай жою қаруын және қарапайым зақымдаушы құралдарды, оның ішінде зымырандық, авиациялық және атыс қаруын қамтитын құрылғылар мен құралдар; 

31) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы – қауіпті өндірістік объект қауіптілігінің сипаты мен ауқымы, қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға беру, оның жұмыс істеуі және оны пайдаланудан шығару кезеңдерінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар көрсетілген құжат; 

32) қауіпті өндірістік фактор – қауіпті өндірістік объектілердегі және әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын, жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған ортаға зиян (нұқсан) келтіретін физикалық құбылыс; 

32-1) қауіпті техникалық құрылғылар: 

қауіпті өндірістік объектілерде пайдаланылатын, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын, 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, фуникулерлер, лифтілер, траволаторлар, мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштер, сондай-ақ бұрғылау тереңдігі екі жүз метрден асатын ұңғымаларды бұрғылауға және жөндеуге арналған қондырғылар, шахталық көтергіш қондырғылар мен көтергіш машиналар, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жылжымалы қоймалары, араластыру-зарядтау және жеткізу-зарядтау машиналары, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды дайындауға арналған мобильді және стационарлық қондырғылар; 

мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын, 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтары (жылумен жабдықтау ұйымдары), 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен жұмыс істейтін түтіктер, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер, траволаторлар, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштер; 

33) құтқарушы – авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арнайы даярлықтан өткен және аттестатталған (қайта аттестатталған) жеке тұлға; 

34) материалдық құндылықтар – мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкiлеттi органның алдына қойылған мiндеттердi қамтамасыз ету үшін қажетті, белгілі бір номенклатура мен сақтау көлеміндегі тауарлар; 

35) материалдық құндылықтарды мемлекеттiк материалдық резервке қою – материалдық құндылықтарды сатып алу және (немесе) оларды мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерiне тиеп жөнелту (жеткiзу); 

36) материалдық құндылықтарды мемлекеттiк материалдық резервке салу (бұдан әрі – салу) – материалдық құндылықтарды мемлекеттiк материалдық резервте сақтау үшiн қабылдап алу; 

37) материалдық құндылықтарды мемлекеттік материалдық резервтен шығару – материалдық құндылықтарды жаңарту, қарызға беру, броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен алып қою; 

38) мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет – ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаудан өткен заңды тұлғалар; 

39) мемлекеттiк материалдық резерв (бұдан әрi – мемлекеттiк резерв) – жұмылдыру мұқтаждарына, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды қолдануға, нарыққа реттеушiлік ықпал етуге, босқындарға көмек көрсетуге және гуманитарлық көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтар запасы; 

39-1) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган – атқарушылық және бақылау функцияларын, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің жүйесіне басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 

40) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру – материалдық құндылықтарды тиеу мен түсiрудi қоса алғанда, материалдық құндылықтарды мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтайтын бiр пункттен екінші пунктке тасымалдау; 

41) мемлекеттік өртке қарсы қызмет – өрттердің алдын алуды және оларды сөндіруді ұйымдастыруға, авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге, өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға және өрттерге байланысты қылмыстар туралы істер бойынша анықтау жүргізуге арналған облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы азаматтық қорғаудың басқару органдарының, күштері мен құралдарының жиынтығы; 

42) мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымы – мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру мен сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға; 

43) мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды қарызға беру – номенклатурасы мен сақтау көлемдеріне сәйкес мемлекеттік резервке кейіннен қайтара отырып, белгілі бір шарттармен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару; 

44) мемлекеттiк резервтi жаңарту – номенклатурасы мен сақтау көлемдеріне сәйкес материалдық құндылықтарды бiр мезгiлде немесе уақыт өткiзiп салған кезде оларды сақтаудың белгiленген мерзiмдерi өткенге дейiн мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды шығару; 

45) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтері – мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын күтіп-ұстау және сақтау шарттары жөніндегі техникалық талаптар; 

46) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерi – мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтауды және сақтауға байланысты қызметтер көрсетудi шарт негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлғалар; 

46-1) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы және сақтау көлемдері – мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның алдына қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының тізбесі мен көлемдері; 

47) объект – азаматтық қорғау саласындағы талаптар белгіленген немесе белгіленуі тиіс, жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкі, мемлекеттік мүлік, оның ішінде үйлер, ғимараттар, құрылыстар, технологиялық қондырғылар, жабдық, агрегаттар және өзге де мүлік; 

48) оқыс оқиға – аварияға алып келмеген, қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылардың істен шығуы немесе бүлінуі, технологиялық процесті жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін параметрлерден ауытқу; 

49) операция жүргізу – мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын қою, сақтау және шығару; 

49-1) өндірістік бақылау – өнеркәсiптік қауiпсiздiк талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған, өндірістік бақылау қызметінің лауазымды адамдары жүзеге асыратын қауiптi өндiрiстiк объектiдегі іс-шаралар; 

50) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк – жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауiптi өндiрiстiк факторлардың зиянды әсерінен қорғалу жай-күйі; 

51) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына арналған аттестат – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган беретін, заңды тұлғаның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды орындау құқығын куәландыратын құжат; 

52) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттау – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды орындауға заңды тұлғаның құқықтылығын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның ресми тануы; 

52-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі – қауіпті өндірістік объектілерде тау-кен құтқару, газдан құтқару жұмыстарын, бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізуге арналған авариялық-құтқару қызметі; 

52-2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметі – қауіпті өндiрiстiк объектiлерi бар ұйымның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын авариялық-құтқару қызметі; 

52-3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 

52-4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның ведомствосы – орталық атқарушы органның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және бақылау, қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы; 

53) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары – өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген техникалық және (немесе) әлеуметтік сипаттағы арнайы шарттар; 

54) өрт – адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндіретін, зиян келтiретiн, жеке және заңды тұлғаларға, қоғам мен мемлекет мүдделерiне материалдық нұқсан келтiретiн бақылаусыз жану; 

55) өртке қарсы ерікті құралымдар – дала өрттерінің, сондай-ақ ұйымдар мен елді мекендердегі өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылатын қоғамдық бірлестіктер; 

56) өртке қарсы қызмет гарнизоны – мемлекеттік өртке қарсы қызметтің, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің және өртке қарсы ерікті құралымдардың облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағында орналасқан басқару органдары мен бөлімшелерінің жиынтығы; 

57) өрт қауiпсiздiгi – адамдардың, мүлiктiң, қоғам мен мемлекеттiң өpттердeн қорғалу жай-күйі; 

57-1) өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит – объектілердің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін немесе сәйкессіздігін анықтау жөніндегі кәсіпкерлік қызмет; 

58) өрт қауіпсіздігі талаптары – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген техникалық және (немесе) әлеуметтiк сипаттағы арнайы шарттар; 

59) өрт қауiпсiздiгi шаралары – өрт қауiпсiздiгi талаптарын орындау жөніндегі іс-қимылдар; 

60) өрт сөндіру депосы – өртке қарсы қызмет бөлімшесінің жеке құрамы мен байланыс пунктіне арналған қызметтік, қосалқы үй-жайларды қоса алғанда, өрт сөндіргіш және арнайы техниканы, өрт сөндіру-техникалық құрал-саймандарды орналастыруға, оларға техникалық қызмет көрсетуге арналған аумақтар, ғимараттар және құрылыстар; 

61) өрт сөндіру-техникалық өнім – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған өнім, оның ішінде өрт сөндіру техникасы мен жабдық, өрт сөндіру жарақтары, отты сөндіретін және оттан қорғайтын заттар, арнайы байланыс және басқару құралдары, бағдарламалық қамтамсыз ету және дерекқорлар, сондай-ақ өрттердің алдын алу мен сөндірудің өзге де құралдары; 

61-1) сараптама ұйымы – өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға белгіленген тәртіппен аккредиттелген ұйым; 

62) табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – қауіпті табиғи құбылыстар (геофизикалық, геологиялық, метеорологиялық, агрометеорологиялық, гидрогеологиялық қауіпті құбылыс), табиғи өрттер, эпидемиялар, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен ормандардың аурулармен және зиянкестермен зақымдануы салдарынан қалыптасқан төтенше жағдайлар; 

62-1) тау-кен құтқару жұмыстары – шахталарда, кеніштерде, карьерлерде және разрездерде арнайы техника, аппаратура мен жабдық қолданыла отырып жүргізілетін, адамдарды құтқаруға және аварияларды жоюға, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге және оларды тасымалдауға, тау-кендік телім шегінде жер астындағы және жер бетіндегі өрттерді сөндіруге, жарылыс қаупі бар атмосфераны инерттеуге, үйінділерден аршуға, тосқауылдарды тұрғызуға, бекітпелерді орнатуға, су басуды жоюға бағытталған іс-қимылдар және қауіпті өндірістік факторларды жою үшін қажетті өзге де іс-қимылдар; 

63) техникалық басшы – технологиялық процеске басшылықты жүзеге асыратын маман; 

64) техникалық құрылғылар – машиналар, жабдықтар және өзге де конструкциялар; 

65) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар – қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен, көлiк авариялары мен басқа да авариялардан, өрттерден (жарылыстардан), күштi әсер ететiн улы, радиоактивтi және биологиялық қауiптi заттар жайылатын (жайылу қатері бар) авариялардан, ғимараттар мен құрылыстардың кенеттен құлауынан, бөгеттердің бұзылуынан, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн электр энергетикасы және коммуникация жүйелерiндегi, тазарту құрылыстарындағы авариялардан болған төтенше жағдайлар; 

66) төтенше жағдай – адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, елеулі материалдық нұқсанға және адамдардың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан аварияның, өрттің, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің, қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей немесе өзге де зілзаланың салдарынан қалыптасқан белгілі бір аумақтағы жағдай; 

67) төтенше жағдай аймағы – төтенше жағдай қалыптасқан аумақ; 

68) төтенше жағдайды жою басшысы – төтенше жағдайды жою жөніндегі жұмыстарға басшылық жасайтын, басты өкімші және жауапты адам; 

69) төтенше жағдайларда халықтың тіршілігін қамтамасыз ету – төтенше жағдайлар аймақтарында, эвакуациялау маршруттарында және эвакуацияланғандарды орналастыру орындарында адамдардың өмірін сақтау және денсаулығын демеу үшін ең аз қажетті жағдайларды жасауға және ұстап тұруға бағытталған, азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарының уақыт, ресурстар және өткізу орындары бойынша өзара байланысты іс-шаралар жиынтығы; 

70) төтенше жағдайларды жою – авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу; 

71) төтенше жағдайларды жою кезіндегі кезек күттірмейтін жұмыстар (бұдан әрі – кезек күттірмейтін жұмыстар) – авариялық-құтқару жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз ету, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдайлар жасау жөніндегі қызмет; 

72) төтенше жағдайлардың алдын алу – күні бұрын жүргізілетін және төтенше жағдайлардың туындау тәуекелін мүмкіндігінше барынша азайтуға, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, олар туындаған жағдайда материалдық шығындардың мөлшерін азайтуға бағытталған іс-шаралар кешені; 

73) төтенше жағдайлардың салдарларын жою – инженерлік инфрақұрылымды, тұрғын үйді, қоршаған ортаны қалпына келтіру, халыққа әлеуметтік-оңалту көмегін көрсету бойынша жүргізілетін іс-шаралар, төтенше жағдайлар салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу; 

74) төтенше жағдайлардың сыныптамасы – төтенше жағдайларды олардың адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіптілігіне, тыныс-тіршілік жағдайларын бұзуына, нұқсан (зиян) мөлшеріне сәйкес белгіленген сыныптарға жатқызу тәртібі; 

75) тіршілікті қамтамасыз ету объектісі – ғимараттарды, құрылыстарды, технологиялық қондырғылар мен агрегаттарды пайдалану тоқтап (тоқтатыла тұрып) елді мекендер мен аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарының қызметі бұзылған кездегі денсаулық сақтау, телекоммуникация, байланыс, газбен жабдықтау, энергиямен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру ұйымдары; 

76) уәкілетті органның авиациясы – азаматтық қорғау міндеттерін шешу үшін пайдаланылатын әуе-көлік құралдары; 

77) уәкілетті органның жедел резерві – белгілі бір номенклатура мен көлемдегі техника мен материалдық құндылықтардың, оның ішінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың запастары; 

78) уәкілетті органның шұғыл медициналық және психологиялық көмек қызметі – төтенше жағдай аймағындағы халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтауға, қалпына келтіруге және оңалтуға арналған кәсіби медициналық авариялық-құтқару қызметі; 

79) эвакуациялық іс-шаралар – бейбіт уақытта және соғыс уақытында азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың жұмыскерлерін бөліп орналастыру, қалалар мен төтенше жағдай аймақтарынан халықты және материалдық құралдарды эвакуациялау. 

Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 332-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2022 № 173-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 2 3 ...109

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться