Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Азаматтық қорғау туралы
10-бап. Ведомствоның білім беру ұйымдары

Ст. 10 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Ескерту. 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Ведомствоның білім беру ұйымдары уәкілетті органмен келісу бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын мамандықтар бойынша жоғары білімі бар мамандарды даярлау мақсатында, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында құрылады. 

2. Ведомствоның білім беру ұйымдарының басты міндеттері: 

1) азаматтық қорғау саласындағы мамандарды даярлау; 

2) азаматтық қорғау саласындағы мамандардың кәсіби өсуі және біліктіліктерін арттыру үшін жағдайлар жасау; 

3) мамандар даярлау бейініне сәйкес қызметті жетілдірудің өзекті проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, зерттеулердің алынған нәтижелерін оқу процесі мен практикаға енгізу болып табылады. 

Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...109

Перейти к статье






Добавить комментарий к 10-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ