Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 100 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Азаматтық қорғау туралы
100-бап. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің мәртебесі

1. Азаматтық қорғау органдары уәкілетті органда, оның ведомствосының аумақтық бөлімшелерінде және азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері, құтқарушылар, сондай-ақ өзге де жұмыскерлер қатарынан алынған қызметкерлерден жасақталады. 

2. Азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери бөлімдеріндегі әскери лауазымдардың және оларға сәйкес әскери атақтардың тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 

3. Уәкілетті органда, оның ведомствосының аумақтық бөлімшелерінде және азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде әскери қызмет өткеріп жүрген адамдар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәртебеге ие болады және құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады. 

4. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын адамдар, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткеріп жүрген, арнаулы атақтар берілген адамдар құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәртебеге ие болады және құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады. 

Лауазымға орналасуы азаматтық қорғау органдарының тікелей негізгі міндеттері мен функцияларын орындайтын лауазымды адамдарға арнаулы атақтар мен сыныптық шендер беру құқығын беретін азаматтық қорғау органдары лауазымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 

5. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктермен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен реттеледі. 

6. Азаматтық қорғау органдарының өзге де жұмыскерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында реттеледі. 

7. Уәкілетті органда, оның ведомствосының аумақтық бөлімшелерінде және азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері әскери және арнаулы атақтарға сәйкес айырым белгілері бар белгіленген үлгідегі нысанды киім мен арнайы киім-кешек киеді. 

8. Азаматтық қорғау органдарының және уәкілетті органның ведомствосына ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды жүргізген кезде, оқу-жаттығуларда, жауынгерлік және жедел кезекшіліктерде, оқу орталықтарындағы сабақтарда, жауынгерлік техника сабақтарында, арнайы міндеттерді орындаған кезде арнаулы киім киіп жүреді. 

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлерге, мемлекеттік өрте қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне төтенше немесе соғыс жағдайы қолданылатын кезеңде атыс қаруы мен арнайы құралдарды алып жүру, сақтау және қолдану құқығы беріледі. Атыс қаруы мен арнайы құралдарды қолдану тәртібі "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады. 

9. Азаматтық қорғау органдарының мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын азаматтық қызметшілері мен жұмыскерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында реттеледі. 

Ескерту. 100-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...98 99 100 101 102 ...109

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться