Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Азаматтық қорғау туралы

Азаматтық қорғау туралы
102-бап. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды медициналық қамтамасыз ету



Ст. 102 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ



1. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тегін медициналық қамтамасыз етілуге құқығы бар. Азаматтық қорғау органдары қызметкерінің қызмет (жұмыс) орны немесе тұратын жері бойынша тиісті бөлімшелері бар медициналық ұйымдар болмаған немесе оларда медициналық көрсетімдер бойынша арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көмек Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шегінде көрсетіледі.

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің (әйелдерінің, күйеулерінің, он сегіз жасқа дейінгі балаларының) және олардың асырауындағы адамдардың, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының өзге де жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық ұйымдарда тегін медициналық көмек алуға құқығы бар.

Міндеттерін атқару кезінде жараланған, контузия алған, жарақаттанған, мертіккен немесе ауырған азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері мемлекет есебінен санаторий-курорттық емделуге және медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары базасында оңалтуға жіберіледі.

Осы бапта көрсетілген азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің құқықтары мен жеңілдіктері әскери қызметтен (жұмыстан) жасына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқаруына байланысты босатылған, қызмет өткеруiнiң (жұмысының) жалпы ұзақтығы жиырма жылды және одан да көп жылды құрайтын азаматтық қорғау органдарының зейнеткерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне қолданылады.

Азаматтық қорғаныстың шақыруы бойынша әскери қызметшілердің, уәкілетті органның оқу орындарының курсанттарының медициналық көрсетімдері болған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық бөлімшелер мен медициналық ұйымдарда тегін медициналық қамтамасыз етілуге құқығы бар.

Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің балалары үшін олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсету құқығы сақталады.

2. Азаматтық қорғау органдарына және уәкілетті органның ведомствосына ведомстволық бағынысты кәсіпорындарға қызметке (жұмысқа) тұратын азаматтар міндетті түрде медициналық куәландырудан, дене шынықтыру даярлығы деңгейін тексеруден, кәсіби қасиетін тестілеуден, психологиялық тестілеуден өтеді, солардың нәтижелері бойынша олардың қызметке (жұмысқа) жарамдылығы айқындалады.

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің емделуде үзіліссіз болып, еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңі, Қазақстан Республикасының заңнамасында жекелеген аурулар бойынша емделуде болудың бұдан да ұзақ мерзімдері көзделген жағдайларды қоспағанда, төрт айдан аспауға тиіс. Қызметкердің емделуде үзіліссіз болуының белгіленген мерзімі өткеннен кейін ол одан әрі қызметке (жұмысқа) жарамдылығы туралы мәселені шешу үшін медициналық куәландыруға жатады.

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануына, контузия алуына немесе мертігуіне байланысты емделуде болу уақыты мерзіммен шектелмейді. Аталған адамдар медициналық куәландыруға ем аяқталғаннан кейін немесе аурудың нәтижесі белгілі болған кезде жіберіледі.

Ескерту. 102-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...100 101 102 103 104 ...109 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 102-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ