Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Азаматтық қорғау туралы
103-бап. Құтқарушылар мен олардың отбасы мүшелерiнiң әлеуметтiк кепiлдiктерi



Ст. 103 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ



1. Құтқарушыларды міндетті әлеуметтік сақтандыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Құтқарушылар мемлекеттiк органдардан және ұйымдардан шарттар негізінде түскен қаражат есебiнен де сақтандырылуы мүмкiн.

3. Құтқарушы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) не ол қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақаттың салдарынан бiр жыл iшiнде қайтыс болған жағдайда, асырауындағыларға оның соңғы атқарған лауазымы бойынша жалақысының он еселенген жылдық мөлшерінен кем емес мөлшерде бiржолғы жәрдемақы төленедi.

4. Құтқарушыға қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде мертігуінің, жарақаттануының, жаралануының, контузия алуының, ауыруының салдарынан мүгедектiк белгiленген кезде оған мынадай мөлшерлерде:

1) бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке – жалақысының бес еселенген жылдық мөлшерiнде;

2) үшінші топтағы мүгедекке – жалақысының екi еселенген жылдық мөлшерінде бiржолғы жәрдемақы төленедi.

5. Құтқарушы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде еңбекке қабiлеттілігінен тұрақты айырылып мертіккен, жарақаттанған, жараланған, контузия алған, ауырған жағдайда, оған мүгедектiк белгiленбей, жалақысының жылдық мөлшерінен кем емес мөлшерде бiржолғы жәрдемақы төленедi.

6. Егер құтқарушының қаза табуы (қайтыс болуы), мертігуі, жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы, ауыруы қызметтiк мiндеттерiн атқаруға байланысты емес мән-жайларға қатысты болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарында айқындалған бiржолғы жәрдемақы төленбейдi.

7. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қайтыс болған немесе қаза тапқан құтқарушысын жерлеуге арналған жәрдемақы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін мөлшерде беріледі.

8. Осы баптың 3, 4, 5 және 7-тармақтарына сәйкес жәрдемақылар авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын ұстайтын ұйымдардың қаражаты есебінен төленеді. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын ұстайтын ұйымдардың шығындары зиян (нұқсан) келтірушінің есебінен толық көлемде өтеледі.

 РҚАО-ның ескертпесі!

9-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

9. Құтқарушылардың отбасы мүшелерін мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру - Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

10. Еңбек жағдайы зиянды әрi қауiптi ұйымдарға қызмет көрсететiн кәсiби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында осы ұйымдардың жұмыскелері үшiн белгiленген құқықтық және әлеуметтiк қорғау кепiлдiктерi мен жеңiлдiктерi қолданылады. Олардың жалақысының мөлшері өздері қызмет көрсететін қауіпті өндірістік объектілердегі тиісті санаттардағы жұмыскерлердің жалақысының мөлшерінен төмен болмауға тиіс.

11. Осы бапта көзделген құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер ерікті авариялық-құтқару құралымдарының құтқарушыларына, сондай-ақ құтқарушылар болып табылмайтын азаматтарға оларды авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге тартқан кезде қолданылады. 
9-БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР 19-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Статья 1 ...101 102 103 104 105 ...109 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 103-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ