Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Азаматтық қорғау туралы

Азаматтық қорғау туралы
11-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң азаматтық қорғау саласындағы құзыретi



Ст. 11 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ



Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, өнеркәсіптік қауіпсіздік және мемлекеттік материалдық резерв салаларында оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi;

2) мемлекеттік резервті құрады;

3) жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттік резервті дамытудың бірыңғай саясатын айқындайды;

4) Қазақстан Республикасының аумағындағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жоюға, сондай-ақ басқа да мемлекеттерге гуманитарлық көмек көрсетуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервiнен қаражат бөледi;

5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

6) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілейді;

7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

8) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

9) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасын және сақтау көлемін бекітеді;

10) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

11) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекітеді;

12) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын бекітеді;

13) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

14) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

15) өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекітеді;

16) - 22) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

23) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару және кәдеге жарату (жою) қағидаларын бекітеді;

24) республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін бекітеді;

25) міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекітеді;

26) төтенше жағдай аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын бекітеді;

27) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

28) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

29) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

30) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

31) азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекітеді;

32) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне шығындарды өтеу, сондай-ақ мемлекеттiк резервтiң төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою, нарыққа реттеушiлiк ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшiн пайдаланылған материалдық құндылықтары үшiн шығындарды өтеу қағидаларын бекітеді;

33) мемлекеттік резервтің дебиторлық берешегін есептен шығару қағидаларын бекітеді;

34) жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидаларын бекітеді;

35) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

36) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

37) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

38) нарыққа реттеушiлiк ықпал ету үшін мемлекеттiк резервтi пайдаланған жағдайда, сауда қызметiнің субъектiлерi – материалдық құндылықтарды алушылардың тiзбесiн, сауда үстемеақысының көлемiн, бағасын және мөлшерiн бекітеді;

39) ірі ауқымды авариялар, апаттар мен дүлей зілзалалар кезінде авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін азаматтық қорғаныстың жекелеген әскери бөлімдерін өрістету туралы шешім қабылдайды;

40) республикалық және аумақтық кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын басқа жерге орын ауыстыру, авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстардың басқа түріне қайта бейіндеу немесе тарату туралы шешім қабылдайды;

41) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жердегі төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жоюға кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тарту туралы шешім қабылдайды;

42) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қолдану үшін материалдық құндылықтарды шығару жағдайларын қоспағанда, қарызға беру және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім қабылдайды;

43) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтауға арналған объектілерді орналастыру және салу жөнінде шешімдер қабылдайды;

44) жаңартуға жататын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын басқа мемлекеттік органдардың балансына беру туралы шешім қабылдайды;

45) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдайды;

46) мемлекеттік резервке бюджет қаражаты есебінен белгіленген көлемдерден тыс материалдық құндылықтарды қосымша салу туралы шешім қабылдайды;

47) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

48) адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану тәртібін белгілейді;

49) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

50) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

51) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

52) медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары базасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық және психологиялық оңалту қағидаларын бекітеді;

53) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

54) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

55) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

56) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

57) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

58) мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттерден қорғайтын аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесін бекітеді;

59) уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен көлемін айқындайды;

60) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

61) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

62) табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларын бекітеді;

63) жаһандық және өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын бекітеді;

64) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну қағидаларын бекітеді;

65) қажет болған кезде шет мемлекетке, халықаралық ұйымға Қазақстан Республикасының аумағындағы төтенше жағдайды жоюға көмек көрсетуге өтініш білдіреді;

66) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

67) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

68) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

69) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...9 10 11 12 12-1 ...109 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 11-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ