Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Азаматтық қорғау туралы

Азаматтық қорғау туралы
12-бап. Уәкілетті орган



Ст. 12 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ



1. Уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

1) азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық етеді;

2) өз құзыреті шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті азаматтық қорғанысты дайындау және жүргізу мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды;

3) уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құралдарын бөледі және пайдаланады;

4) уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларын бекітеді;

5) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің, азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз етеді;

6) өз құзыреті шегінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерін және әскери қызметшілерді қызметке қабылдауды, қызмет бойынша ауыстыруды, қызметтен шығаруды, әскери және арнайы атақтар беру мәселелерін шешуді жүзеге асырады;

7) ведомстволық наградалармен наградтайды және мемлекеттік наградалармен наградтауға ұсынады;

8) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

9) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

10) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

11) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар беруді және оларды құлақтандыруды қамтамасыз етеді;

12) авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізуді жүзеге асырады;

13) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін және Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлігінде азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

14) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

15) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

16) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан мұнай өнімдерін сатып алады;

17) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

18) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

19) өз өкілеттіктері шегінде өрттерге байланысты қылмыстар туралы істер бойынша анықтау жүргізуді жүзеге асырады;

20) өртке қарсы қызметтердің қызметін үйлестіреді;

21) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

22) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

23) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

24) азаматтық қорғау саласында ғылыми зерттеулерді, білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастырады;

25) елді мекендердегі және объектілердегі өрт сөндіру бөлімшелерінің өртке қарсы күреске әзірлігін бақылауды жүзеге асырады;

26) азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындайды;

27) Қазақстан Республикасының, облыстардың, қалалардың, аудандардың азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлейді және оларды тиісті азаматтық қорғаныс бастықтарына бекітуге ұсынады;

28) жаһандық және өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады;

29) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін дайындау жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді;

30) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындайды;

31) азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын бекітеді;

32) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекітеді;

33) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу қағидаларын бекітеді;

34) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік актілер мен стандарттардың жобаларын әзірлейді, бекітеді және келіседі;

35) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

36) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

37) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекітеді;

38) азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнын бекітеді;

39) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

40) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын даярлау бағдарламаларын бекітеді;

41) ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасын бекітеді;

42) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасын бекітеді;

43) республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ережені бекітеді;

44) ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту тәртібін және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарды бекітеді;

45) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша броньнан шығару тәртібімен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қолдану үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім қабылдайды;

46) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

47) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

48) объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын құру, орнын ауыстыру, қайта бейіндеу немесе тарату туралы ұйымдар басшылығының шешімдерін келіседі;

49) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

50) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз етеді;

51) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

52) Қазақстан Республикасының Үкіметіне төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу, жою үшін мемлекеттік және жұмылдыру резервтерінің құрамындағы қолда бар материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа да ресурстар запастарын пайдалану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінетін қаражатты пайдалану туралы ұсыныстар енгізеді;

53) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

54) төтенше жағдайларды жою кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдырады;

55) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

56) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттауды жүргізеді;

57) азаматтық қорғау саласында мемлекеттік есепке алуды жүргізеді;

58) азаматтық қорғау органдарының және уәкілетті органның ведомствосына ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері үшін арнайы нысанды киім үлгілерін белгілейді;

59) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

60) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

61) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

62) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

63) мемлекеттік инспекторлар актілерінің нысандарын бекітеді;

64) елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз етеді;

65) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

66) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз етеді;

67) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, ахуалдық-дағдарыс орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

68) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша құтқарушылардың денсаулық жағдайының сай келуіне және оларды медициналық куәландырудан өткізуге қойылатын талаптарды бекітеді;

69) төтенше жағдайлар аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді;

70) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөледі;

70-1) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларын бекітеді;

70-2) азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру қағидаларын және бейбіт уақытта және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру қағидаларын бекітеді;

70-3) азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану қағидаларын бекітеді;

70-4) су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекітеді;

70-5) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;

70-6) азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекітеді;

70-7) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;

70-8) азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;

70-9) азаматтық қорғауды бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру, эвакуациялық іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекітеді;

70-10) бейбіт уақытта азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін қолдану қағидаларын бекітеді;

70-11) еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақылар төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидаларын бекітеді;

70-12) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу қағидаларын бекітеді;

70-13) халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекітеді;

70-14) төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларын бекітеді;

70-15) авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекітеді;

70-16) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

70-17) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

70-18) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өртке қарсы бекеттер құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын бекітеді;

70-19) дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидаларын бекітеді;

70-20) Қазақстан Республикасының аумағында кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру қағидаларын және бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметінің өкілеттіктерін бекітеді;

70-21) сүңгуірлік жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекітеді;

70-22) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің саны нормативтерін бекітеді;

70-23) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді.

70-24) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша кезекшілік атқару кезінде, сондай-ақ авариялық-құүтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезеңінде кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын ұстауға бөлінетін қаражаттар есебінен шығыстардың ақысын төлей отырып, құтқарушыларды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету нормаларын бекітеді;

70-25) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін жарақтандыру және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету нормаларын бекітеді;

70-26) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органымен келісу бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киімі мен арнайы киім-кешегінің тиесілілігі нормаларын бекітеді;

70-27) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті органның білім беру ұйымдарының курсанттарын тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды бекітеді;

70-28) сараптама ұйымдарын аккредиттеуді жүргізеді;

70-29) сараптама ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

70-30) сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекітеді;

70-31) өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидаларын бекітеді;

70-32) сараптама ұйымдарының мемлекеттік тізілімін жүргізеді;

71) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Уәкілетті орган ведомствосының жалауы мен рәмізі болады. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің жауынгерлік жалаулары болады.

 Уәкілетті орган ведомствосының жалауы мен рәмізінің, азаматтық қорғаныс әскери бөлімінің жауынгерлік жалауының сипатын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...10 11 12 12-1 12-2 ...109 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ