Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Азаматтық қорғау туралы

Азаматтық қорғау туралы
14-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің азаматтық қорғау саласындағы құзыреті



Ст. 14 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ



Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:

1) уәкілетті органды, ал әскери басқарудың жергілікті органдары арқылы – уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерін тиісті дәрежедегі жауынгерлік әзірлікті енгізу туралы, сондай-ақ жұмылдыруды жариялау туралы құлақтандырады;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары негізінде азаматтарды Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс жүйесіне әскери қызметке шақыруды, сондай-ақ азаматтарды жұмылдыру бойынша шақыруды жүргізеді;

3) қазіргі заманғы зақымдаушы құралдарды қолдану салдарларынан халықты және аумақтарды қорғау жөніндегі, сондай-ақ төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі міндеттерді шешу кезінде уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды;

4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...12-2 13 14 15 16 ...109 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 14-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ