Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Азаматтық қорғау туралы

Азаматтық қорғау туралы
17-бап. Қоғамдық бірлестіктердің азаматтық қорғау саласындағы қызметі



Ст. 17 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ



1. Қоғамдық бірлестіктер азаматтық қорғау саласында:

халық арасында азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды жүзеге асырады;

орталық және жергілікті атқарушы органдарға зардап шеккендерге шұғыл гуманитарлық және өзге де көмек беруде жәрдем көрсетеді;

Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асырады.

2. Осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің құтқарушы немесе ерікті өрт сөндіруші мәртебесі болған кезде төтенше жағдайларды жоюға қатысуға құқығы бар.

3. Қоғамдық бірлестіктер зардап шеккендерге шұғыл гуманитарлық және өзге де көмек көрсету жөніндегі өз қызметін уәкілетті органмен немесе оның ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен үйлестіреді, олардың іс-қимылдары төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою жөніндегі тиісті іс-қимылдар жоспарларында көрініс табуға тиіс.

Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...109 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 17-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ