Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Азаматтық қорғау туралы

Азаматтық қорғау туралы
22-бап. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері және бейбіт уақыт пен соғыс уақытындағы олардың міндеттері



Ст. 22 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ



1. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің негізгі міндеттері:

1) бейбіт уақытта:

Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайларды жою;

жауынгерлік, жұмылдыру және саяси дайындықты ұйымдастыру;

төтенше жағдайлар аймақтарындағы халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау;

төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған іс-шараларға қатысу;

уәкілетті органның қарауындағы басқару пункттерін күзетуді және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

төтенше жағдайлар аймақтарына, оның ішінде шет мемлекеттерге де жеткізілетін жүктерді тасымалдау, алып жүру және күзету;

жұмылдыра өрістетуге дайындық және жауынгерлiк әзiрлiктiң жоғары дәрежесіне келтiру жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асыру;

оқу объектілерін, полигондарды әзірлікте ұстап тұру;

уәкілетті органның жедел резервін ұстау;

2) соғыс уақытында:

қорғаныс шептері мен позицияларын құру;

зақымдау ошақтары мен зарарлану аймақтарында радиациялық, химиялық барлау жүргiзу;

зақымдау ошақтарында, зарарлану және апатты су басқан аймақтарда авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу;

әуеайлақтарды, жолдарды, өткелдерді және тыл инфрақұрылымының басқа да маңызды бөліктерін қалпына келтіру, қайта тиеу пункттерін жабдықтау;

эвакуациялық іс-шаралар жүргізуге қатысу;

аумақтық қорғаныстың жекелеген міндеттерін орындау;

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының қорғанысты ұйымдастыру мәселелері жөніндегі нұсқауларын орындау болып табылады.

2. Азаматтық қорғаныс әскери бөлiмдерiнің шет мемлекеттердің аумақтарындағы авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарға қатысуы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады.

3. Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерiн қолдану туралы шешімді уәкілетті органның басшысы қабылдайды.

4. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері азаматтық персоналмен де жасақталады. Азаматтық персонал алмастыратын лауазымдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен, уәкілетті органның жалпы саны лимиттері шегiнде уәкілетті органның басшысы белгiлейдi.

5. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерін жұмылдыра өрістету үшін штаттарға және тиесілік нормаларына сәйкес: техника, қару-жарақ, материалдық-техникалық құралдардың запастары құрылады және күтіп-ұсталады.

6. Авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері жеке құрамының қызмет режимі мен жұмыс күнінің ұзақтығын төтенше жағдайды жою басшысы бұлардың жүргізілу сипатын, ерекшеліктерін, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді ескере отырып белгілейді.

7. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің әскери қалашықтарының тұрғын үй-жайлары мен басқа да құрылыстары, полигондары, оқу объектілері, оқу-материалдық базасы, материалдық-техникалық құралдары мемлекеттік меншік болып табылады. Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің санамаланған және бөлінген өзге де мүлкі жедел басқару құқығымен оларға бекітіледі.

Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...109 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 22-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ