Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Азаматтық қорғау туралы
27-бап. Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттау



Ст. 27 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ



1. Авариялық-құтқару қызметтері, құралымдары және құтқарушылар аттестатталуға және қайта аттестатталуға жатады.

2. Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттау:

1) олардың авариялық-құтқару жұмыстарын орындау әзірлігінің дәрежесін;

2) тиісті техниканың, мүліктің және жарақтардың бар-жоғын және олардың жай-күйін;

3) құтқарушылардың кәсіби машығына, медициналық даярлығына, дене, психологиялық және моральдық әзірлігіне сәйкестігін анықтау мақсатында өткізіледі.

3. Авариялық-құтқару қызметтері, құралымдары және құтқарушылар бастапқы, қайталап, кезеңдік және кезектен тыс аттестатталуға жатады:

1) бастапқы аттестаттауға жаңадан құрылатын авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары, сондай-ақ құтқарушы боламын деп шешкен азаматтар жатады;

2) қайталап аттестаттау алдыңғы аттестаттауда анықталған барлық кемшіліктер жойылғаннан кейін, авариялық-құтқару қызметтерінің, құралымдарының және құтқарушылардың қызметін қайтадан бастау үшін өткізіледі;

3) авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды кезеңдік аттестаттау үш жылда бір рет жүргізіледі;

4) авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды кезектен тыс аттестаттау олар орындайтын авариялық-құтқару жұмыстарының түрі немесе түрлері өзгерген жағдайда өткізіледі.

4. Аттестаттауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен құрылатын аттестаттау комиссиялары өткізеді.

«Халықаралық сыныптағы құтқарушы» деген сыныптық біліктілікті уәкілетті органның аттестаттау комиссиясы құтқарушыларға олар жұмыс істейтін авариялық-құтқару құралымының ведомстволық бағыныстылығына қарамастан береді.

5. Аттестаттаудан өткен авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына тиісті аттестаттау комиссияларының шешімі негізінде авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына уәкілетті орган белгілеген бірыңғай үлгідегі куәлік беріледі.

Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...109 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 27-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ