Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Азаматтық қорғау туралы
31-бап. Құтқарушылар



Ст. 31 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ



1. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарында құтқарушылар міндетін атқаруға он сегіз жасқа толған, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арнайы даярлықтан өткен және аттестатталған азаматтар жіберіледі.

2. Қазақстан Республикасының азаматтары құтқарушы мәртебесiне олар медициналық куәландырудан, кәсіби қасиеттерін тестілеуден, психологиялық тестілеуден өткеннен кейін, дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтердi орындағаннан кейiн авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған аттестаттау нәтижелерi бойынша ие болады.

3. Аттестаттау комиссиясы Қазақстан Республикасының азаматтарына құтқарушы мәртебесiн беру туралы шешiм қабылдаған кезде оларға уәкілетті орган белгілеген үлгілер бойынша құтқарушы куәлiгі, кiтапшасы, бетіне тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), қан тобы мен құтқарушының тiркеу нөмiрi жазылған жетон беріледi.

4. Авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу барысында құтқарушылар осы Заңды, Қазақстан Республикасының авариялық-құтқару қызметі мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады және соның құрамында көрсетілген жұмыстарды жүргізетін авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының басшыларына ғана бағынады.

5. Құтқарушылардың өз міндеттерін атқаруына кедергі келтіру мақсатында оларға қандай да бір нысанда ықпал етуге ешкім де құқылы емес.

Статья 1 ...29 30 31 32 33 ...109 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 31-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ