Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Азаматтық қорғау туралы
32-бап. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын жасақтау



Ст. 32 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ



1. Авариялық-құтқару қызметтерінің басшы құрамы авариялық-құтқару қызметі немесе құралымы қызметінің ерекшелігіне сай келетін жоғары білімі бар және арнайы даярлықтан өткен адамдар арасынан жасақталады.

2. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған және денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған, психикасының бұзылуы салдарынан жарамсыз деп танылған, сондай-ақ өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен құтқарушы болып жұмысқа қабылдана алмайды.

3. Авариялық-құтқару қызметтерінің немесе құралымдарының жеке құрамын жасақтау құтқарушы мәртебесі бар адамдар арасынан жүзеге асырылады.

4. Құтқарушы мәртебесі бар, осы баптың 2-тармағына көрсетілген негіздер бойынша жұмысқа қабылданбаған адамдар көрсетілген негіздер тоқтатылған кезде кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінде үш ай бойы тағылымдамадан өткеннен кейін жұмысқа жіберіледі.

Статья 1 ...30 31 32 33 34 ...109 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 32-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ