Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Азаматтық қорғау туралы
34-бап. Құтқарушылардың мiндеттерi



Ст. 34 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ



Құтқарушылар:

1) зардап шеккен адамдарды iздеуге, оларды құтқару жөнiнде шаралар қабылдауға, оларға алғашқы медициналық және басқа да көмек түрлерiн көрсетуге;

2) авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзуге қатысуға әзір болуға, өзiнiң дене шынықтыру, арнайы, медициналық, психологиялық даярлығын жетiлдiруге;

3) авариялық-құтқару құралымдарының құрамындағы iс-қимыл дағдыларын жетiлдiруге;

4) авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзу технологиясын мүлтіксiз сақтауға;

5) авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге құрамында құтқарушылар қатысатын, авариялық-құтқару құралымдары басшыларының көрсетілген жұмыстарды жүргiзу барысында беретiн бұйрықтарын мүлтiксiз орындауға;

6) төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында азаматтарға қауiпсiз жүрiп-тұру қағидаларын және олар туындаған жағдайда әрекет ету тәртiбiн түсiндiруге мiндеттi.

Статья 1 ...32 33 34 35 36 ...109 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 34-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ