Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Азаматтық қорғау туралы
35-бап. Құтқарушылардың жұмыс (қызмет) және демалыс режимi



Ст. 35 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ



1. Күнделiктi қызметте кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының жұмыс (қызмет) режимi iшкi еңбек тәртiптемесі қағидаларымен, кезекшiлiк графиктерімен, сабақтар немесе арнайы даярлық бойынша өзге іс-шаралар кестелерiмен айқындалады.

2. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының жұмыс күні мен жұмыс жылы ішіндегі жұмыс режимі санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

3. Кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының күту және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарға аттануға ұдайы әзірлікте болу режимiнде үйде кезекшiлiк ету уақыты кезекшiлiктiң әрбір сағатына сағаттың төрттен бiрi мөлшерiнде есептеледi.

4. Авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзу кезiнде кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының жұмыс режимi мен жұмыс ауысымының ұзақтығын төтенше жағдайды жою басшысы төтенше жағдайдың сипатын, авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзу ерекшелiктерiн, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді ескере отырып белгiлейдi.

5. Орталық атқарушы органдардың кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарының құтқарушыларына ұзақтығы күнтiзбелік отыз күн ақылы демалыс берiледi. Әрбір үш жыл өтілі үшін ұзақтығы бір күн, бірақ күнтізбелік он бес күннен аспайтын қосымша ақылы демалыс беріледі. 
4-БӨЛІМ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ 7-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ
ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ

Статья 1 ...33 34 35 36 37 ...109 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 35-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ