Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Азаматтық қорғау туралы

Азаматтық қорғау туралы
46-бап. Азаматтық қорғау саласында оқыту



Ст. 46 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ



1. Азаматтық қорғау саласында азаматтарды кәсіптік оқыту уәкілетті органмен ынтымақтастық туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің оқу органдарында, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген мамандықтар мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жүргізіледі.

2. Азаматтық қорғаудың басқару органдарының басшы құрамы мен мамандарын даярлау, азаматтық қорғау саласында халықты оқыту төтенше жағдайларда іс-қимыл жасау дағдыларын үйрету, авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзу, өзiн-өзі құтқарудың және өзара көмек көрсетудiң негiзгi тәсiлдерi мен әдiстерiн білу, халық арасындағы ықтимал шығындарды және материалдық нұқсанды барынша азайту мақсатында жүргiзiледi.

Азаматтық қорғаудың басқару органдарының басшы құрамы мен мамандары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары уәкілетті органның және уәкілетті органмен ынтымақтастық туралы келісім жасасқан шет мемлекеттердің ұйымдарында және оқу орындарында даярлықтан және қайта даярлықтан өтеді.

Қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ ұйымдардың, мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдарының басшылары, азаматтық қорғау құралымдарының командирлері, ұйымдардағы азаматтық қорғау жөніндегі сабақ топтарының жетекшілері, барлық үлгідегі жалпы білім беретін мектептер мен орта кәсіптік оқу орындарының оқытушылары, қауіпті өндірістік объектілердің басшылары уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінде даярлықтан және қайта даярлаудан өтеді.

Азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өткен тыңдаушыларға уәкілетті орган белгілеген бірыңғай үлгідегі сертификаттар беріледі.

3. Азаматтық қорғау саласында балаларды оқыту мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту және жалпы орта білім беру ұйымдарында, азаматтарды оқыту – жұмыс, оқу орны және тұрғылықты жері бойынша ұйымдарда жүргізіледі.

Сейсмикалық қауiптi өңірлерде орналасқан ұйымдарда, мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдарында және оқу орындарында сейсмикалық жаттығулар тоқсан сайын жүргiзіледі.

Қауіпті өндірістік объектiлердің төтенше жағдайы таралатын есепті аймақта орналасқан ұйымдарда, мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту ұйымдарында және оқу орындарында қатты әсер ететiн улы және радиоактивті заттардың шығарылуынан авариялар туындаған кезде персоналдың, балалардың, оқушылардың, студенттердiң әрекет етуі бойынша жаттығулар тоқсан сайын жүргiзіледі.

Сел қауіпті, шөгу, көшкін қаупі бар аудандарда, сондай-ақ су жайылу, су басу, тасқындар болуы ықтимал аймақтарда орналасқан ұйымдарда, мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту ұйымдарында және оқу орындарында қауіпті кезеңнің басталуы алдында жаттығулар жүргiзіледі.

Ескерту. 46-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...44 45 46 47 48 ...109 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 46-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ