Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Азаматтық қорғау туралы
47-бап. Азаматтық қорғау саласында хабар беру және білімді насихаттау



Ст. 47 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ



1. Халыққа төтенше жағдайлар туралы хабар беру азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы беріледi.

2. Азаматтық қорғау саласында хабар беруге және білімді насихаттауға:

1) халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, оның ішінде республикалық және облыстық (қалалық) телеарналарда арнайы бағдарламалар құру арқылы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар тәртібі туралы хабар беруді ұйымдастыру;

2) басылымдарда, интернет-ресурстарда азаматтық қорғау саласындағы білімді, тұрмыстағы және өндірістегі қауіпсіздік қағидаларын насихаттайтын тұрақты жарияланымдарды, телерадио хабарларын тарату желілері бойынша хабарларды ұйымдастыру кіреді.

3. Азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды уәкілетті орган, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ұйымдар және қоғамдық бірлестіктер жүзеге асырады.

4. Орталық және жергілікті атқарушы органдар халыққа азаматтық қорғау саласында өздері қабылдаған шаралар туралы хабар беруге және білімдерін таратуға жәрдемдесуге тиіс. 
5-БӨЛІМ. ТАБИҒИ ЖӘНЕ ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР
МЕН ОЛАРДЫҢ САЛДАРЛАРЫН ЖОЮ 10-тарау. ТАБИҒИ ЖӘНЕ ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ

Статья 1 ...45 46 47 48 49 ...109 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 47-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ